Халықаралық арбитраж

Шетелдік элементпен күрделілендірілген, сот-арбитраждық тәжірибенің дербес бөлімшесі.

«Паритет Консалт» маманының алдына тең дәрежеде келесі міндеттер қойылған:

Тараптар арасында келіссөздер ұйымдастыру арқылы даудың соттан тыс (бітімгершілік) шешімін табу бойынша, соның ішінде «Паритет Консалт» серіктестерімен ұйымдастырылған бейнеконференц-байланыс арқылы.  Шетелдік контрагентпен бұзылған құқықтарын қорғау бойынша сенім білдірушінің мүдделеріне өкілеттік ету.

Қызметтің құрылымы:
— дауды соттан тыс және сотқа дейін реттеу
— жанжалды жағдайға құқықтық сараптама жасау, дауды шешу бойынша кеңестер беру
— сотта қорғау үшін негіздердің бары туралы ұсыныстар мен қорытындылар дайындау
— сот тәжірибесінде заңнаманы қолдану мәселелері бойынша кеңестер
— сотқа дейінгі кінәрәт-талаптық және басқа да жұмыстарды жүргізу
— соттылығына сәйкес сенім білдірушінің мүдделерін қорғау

«Паритет Консалт» компаниясымен серіктестік үлгілері:

Қытайлық жеткізушімен сыртқы-экономикалық контрактіні жасасу барысында тараптар дауларды шешуге арналған заңнаманы және соттылықты қолдану белгіленбеген.

Сыртқы экономикалық келісім-шарт Қазақстандағы үшінші тұлғаға кейіннен өнімді қайта сату мақсатымен ресейлік тараппен жасалған.

Жеткізуші тарапынан жеткізу келісім-шартының талаптары бұзылған – белгіленген мерзімде өнімнің бір бөлігі ғана жеткізілген. Жеткізу мерзімінің бұзылуы салдарынан қазақстандық тараптың келісім-шарттан бас тартуына, ресейлік агенттің шығындарды өтеуін талап етуге соқтырды.

Осылайша, келесем-шарт тиісті түрде сүйемелденбауі себебінен, ресейлік тарап қытайлық тарапқа қойылатын талаптарды қарауға қабілетті құзіретті сотты анықтауға мәжбүр болды. Сонымен қоса, сотта қабылданатын шешім Қытай заңнамасының негізгі принциптеріне қарама-қайшы келмеуі тиіс, олай болмаған жағдайда сот шешімін Қытай аумағында атқару мүмкін болмайды.