Біз туралы

«Паритет Консалт» — сіздің сыртқы экономикалық қызметіңізді заңгерлік сүйемелдеудегі сенімді серіктес.
Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) – тауарлардың, ақпараттың, жұмыстар мен қызметтердің халықаралық айналымы саласындағы сыртқы сауда, инвестиция және басқа да қызметтер.  СЭҚ-ті жүзеге асыру барысында ел резиденттері мен оның бейрезиденттері арасында нақты қарым-қатынастар туындайды.

Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында, контрагентті таңдау, басқа елдің заңнамасын білу, сонымен қатар шартты орындамаған жағдайда, сотта дауласу, соның ішінде басқа ел аумағында және келісім-шарт бойынша қарсы тараптың құқықтық нормалары қолданыла  отырып дауласуға байланысты тәуекелдер орын алуы мүмкін екенін түсіну маңызды.

Сіздерге серіктестік пен сыртқы экономикалық қызметті сүйемелдеу түріндегі өзіміздің кәсіби көмегімізді ұсынамыз.

Бізді таңдай отырып, сіз келесілерге қол жеткізесіз:

— ҚҚС-ның орынын толтыру есебінен пайданы арттыру;

— шетелдік контрагенттермен өзара тиімді қарым-қатынас орнату;

— шетелдік контрагенттермен келіссөздер жүргізудегі көмек;

— біздің клиентіміздің мүдделері мен серіктес елінің заңнамалық ерекшеліктерін ескере отырып, контрактілер, келісім-шарттар, мәмілелер және басқа да құжаттарды құрастыру;

— ресейлік және Қазақстанның өндірушілерге шетелдік өтім нарығын игеруде көмек көрсету.

Біз өз беделімізді бағалаймыз, сол себепті кез келген жағдайда өз клиентіміздің мүдделерін қорғаймыз!

«Паритет Консалт» компаниясымен серіктестік үлгілері:

Сенім білдіруші Қазақстанда кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруда. Қытайдан тасымалданатын тауар импортының ерекшеліктерін ескере отырып, Қытайдан тауар импорттау мақсатымен агент ретінде ресейлік ұйымды тарту туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде Қазақстандағы сенім білдірушінің Ресейдегі контрагентпен келісім-шарт жасасуды сүйемелдеу қажет. Ондай сүйемелдеу ұйымның Ресейдегі қызметін, ықтимал кредиторлар тарапынан банкроттық процедураларының енгізілу қауіпін талдау, байланысқан және үлестес тұлғаларға қатысты талдау жұмыстарын болжайды. Сонымен қатар, жасалатын агенттік келісім-шарттың мазмұнына ерекше назар аударылады: ондай келісім-шарт ресейлік те, қазақстандық та құқықтардың негізгі принциптеріне қарама-қайшы келмейтін мазмұнда болуы тиіс.

Ресейде контрагентті таңдау факті бойынша, Қытайдан тауар жеткізушіге қатысты да осындай процедуралар жүзеге асырылады. Дәл солай контракті мазмұнына, халықаралық контрактіні аудару қиындықтарына байланысты, мәтіннің әр түрлі оқылмауын, қайшылық нормаларын қолданудың алдын алу үшін контракті ережелерін нақтылауға, соттылықты дұрыс анықтауға ерекше назар аударылады.

«Паритет Консалт» сүйемелдейтін келесі процедуралар жеткізу процессіне қатысты барлық мәмілелер жабылған сәтке дейін, есептесулердің жүргізілуін, кедендік процедураларды, логистикалық процедураларды бақылаумен тікелей байланысты.

Біздің сенім білдірушілер