Әкімшілік және салықтық даулар

Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау саласында маманданған «Паритет Консалт» заңгерлері, салық мәселелері бойынша кеңес беру үшін айтарлықтай тәжірибелі, соның ішінде салық органдарының шешімдеріне әкімшілік және сот тәртібінде шағымдану, салық құқығы нормаларына сәйкестік тұрғысында келісім-шарттарды құқықтық сүйемелдеу және оларды талдау үшін қажетті білімді игерген.

Біз өзіміздің сенім білдірушілерімізге салық құқығы салсындағы қызметтердің кең таңдауын ұсынамыз:

— салықтарды есептеу және төлеу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша салықтық кеңестер беру

— салықтық тәуекелдері анықтау және бағалау
— заңды тұлғалардың мүдделерін әкімшілік тәртіпте қорғау
— салықтық жауапкершіліке тарту туралы салық органдарының шешімдеріне шағымдану
— арбитраждық соттарда және жалпы юрисдикциялы соттарда салықтық дауларды жүргізу.

Мемлекеттік органдармен жүргізілетін бақылау және қадағалау бойынша шараларды сүйемелдеу – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты қызметтердің жеке түрі болып табылады.

Көрсетілетін қызметтің құрылымы:

— бақылау шарасын жүргізу негіздерін талдау
— тексеру нәтижелерін болжай отырып, сенім білдірушінің коммерциялық қызметіне құқықтық аудит жасау
— мемелекеттік бақылау (қадағалау) органының лауазымды тұлғалары талаптарының заңдылығын талдау
— бақылау шарасы рәсімін сүйемелдеу
— тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік органның шешімдеріне шағымдану.

«Паритет Консалт» компаниясымен серіктестік үлгілері:

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көбі үшін тексеріс жүргізілуі күтпеген жағдай. Тексеріс жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесінің қолға тиюі, қажетті әрекеттердің себебіне айналады.

Тексеріс объектісін алдын ала сараптау, тәуекелдерді бағалау және маңызды бұзушылықтар болған жағдайда – қорғаныс стратегиясын ойластыра отырып, жедел түрде оларды жою ең қисынды шешімге айналады.

Әкімшілік органдардың лауазымды тұлғалары ауыр жүктелім салдарынан процессуалдық бұзушылықтардың орын алуына жиі жол беріп жататынын есте сақтаған жөн. Ол бұзушылықтар туындаған түйінді мәселені әкімшілік тәртіпте шеші үшін негіз бола алады.
Осылайша, қосымша эвакуациялық есікті монтаждау туралы бұйрық шығару, ең кең таралған талаптардың бірі болып табылады. Кәсіпкерлердің басым бөлігі қымбат жұмыстарды орындауға итермелейтін бұйрықты жедел түрде орындайды. Алайда сот тәжірибесі бақылау органдарының осындай талабына бір жақты қарамайтынын көрсетеді және нақты Сіздің кәсіпорыныңызға қатысты осындай талаптар заңсыз деп танылуы әбден мүмкін.