Кәсіпкерлік қызметті сүйемелдеу

Коммерциялық қызметті кешенді заңгерлік сүйемелдеу, сондай-ақ заңгерлік аутсорсинг деп те аталды. Қызметтің осы түрі арқылы кәсіпорын басшысы да, құрылымдық бөлімшелердің басшылары да, келісім-шарттар бойынша құжаттардың сауатты жүргізілуіне алаңдамай-ақ, қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Біз келесілерді ұсынамыз:

— кәсіпорын қызметімен, келісім-шарт міндеттерін орындауға байланысты мәселелер бойынша заңгерлік кеңес
— жасалатын келісім-шарттарға заң тұрғысынан дайындалу: контрагентті таңдау барысында қажетті сақтық таныту,

— контрагентпен қажетті құжаттар айналымын қамтамасыз ету, келісім-шартты жасасу кезеңінде қайшылықтарды реттеу, келіссөздер процессіне қатысу;
— келісім-шарттар картотекасын жүргізу
— сенім білдіруші ұйымның ішкі нормативтік актілерін дайындау және құқықтық сараптау ішкі құқықтық механизмдерін жүргізу;
— мемелкеттік бақылау және қадағалау органдарымен өзара әрекеттестік, соның ішінде қадағалау шараларын сүйемелдеу
сенім білдірушінің мүдделерін әкімшілік және сот инстанцияларында қорғау
сенім білдіруші ұйымның қызметі барысында туындайтын басқа да мәселелерді шешу.

«Паритет Консалт» компаниясымен серіктестік үлгісі:

Сенім білдірушінің сату бөлімі тарапынан түйінді мәселесі:

— келісім-шартты қадағалауға уақыт жоқ (тапсырыс берушіге қашан кетті, тапсырыс берушіден оралды ма, уәкілетті тұлға қол қойды ма)
— тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғаларын анықтауға уақыт жоқ (кім қол қоюы тиіс, қарама-қайшылықтарды кіммен келісу керек, — — екі ұйымдағы заңгерлер арасында тасымалдаушы буын болу мүмкін емес)
—  «соқыр тәуекелмен» жөнелту (қол қою қай кезеңде екені, кім қол қойғаны, тиеуге бола ма екені белгісіз. Нәтижесінде өтінімді келісу барысында уақыт жоғалтылады)
— клиентке қатысты құжаттарды қалай және қайда сақтау қажеттігі туралы нақты түсінік жоқ.

Сенім білдірушінің бухгалтерия тарапынан түйінді мәселелері:

— сауда бөлімімен әрекеттесуде үйлесткен механизм жоқ (келесім-шартқа қол қоюды кім қадағалауы тиіс – бухгалтерия ма әлде сауда бөлімінің қызметкерлері ме, құжаттарды кім жүргізуі тиіс, тиеуді (жөнелтуді) кім бастауы немесе тоқтатуы тиіс)
— кейінге шегеру келісім-шарттарын жасасқан кезде сақтық байқалмайды (менеджерлер тиегісі келеді, бухгалтерия тиеу алдында тапсырыс берушіден қажетті құжаттарды және уәкілетті тұлға қол қойған келісім-шартты алғысы келеді, — бухгалтерия менеджерлерден осыларды тапсырыс берушіден сұрауды талап етеді, менеджерлер оны  жұмысымыз емес деп есептейді және т.б.)

“Паритет Консалт” компаниясымен жүзігі асырылған шешімдер:

— менеджер заңгерлерге келесім-шарт жасауға өтінім, шарттарды, тапсырыс берушінің байланыс деректерін жібереді.
— заңгер байланысушы тұлғамен хабарласады, қажетті құжаттарды сұрайды, келісім-шартты келісіп алуға болатын жауапты тұлғаны анықтайды
— “Паритет Консалт” рұқсаттамалары бар келісім-шарт жобасын жасайды және клиентке жібереді, мерзімдері белгілеу үшін қоңырау шалады.
— құжаттар мен келісім-шарттардың (немесе қайшылықтар хаттамасын) сканирленген көшірмесін алады (және  келісу процедурасына көшеді)

— келісім-шартқа және қайшылықтар хаттамасына қол қойылған соң, тапсырыс берушіге курьерді жөнелтеді.
— курьер бізге клиент растаған құжаттардың барлығын және келісім-шарттың түпнұсқасын екі данада жеткізеді. Келісім-шарт түпнұсқасының екінші данасы жақын арадағы жөнелтіммен тапсырыс берушіге жөнелтіледі
— сенім білдіруші белгілеген мерзімде заңгер біз жинаған барлық құжаттарды табыстайды.