Сыртқы экономикалық қызмет

«Паритет Консалт» компаниясының жұмыс жасап жүрген заңгерлермен тығыз халықаралық серіктестікте болуына орай, сыртқы экономикалық қызметті сүйемелдеу, өнім импорты/экспортына байланысты міндеттерді орындаудың әр кезеңінде айқындық пен заңдылықты қаматмасыз ететін әрекеттер мен шешімдер кешенінен тұрады.

Біз келесілерді ұсынамыз:

— сыртқы экономикалық келісім-шарттар жасасуға байланысты, сенім білдірушінің қызметін тәуекелдер пәніне талдау
— шетелдік контрагенттің адалдығын тексеру
— сыртқы экономикалық қызмет контрактісінің жобасын дайындау
— келісім-шартқа қатысушы мемелкеттердың заңнамаларының ерекшеліктерін ескере отырып, қайшылықтар хаттамасын қалыптастыру және келісу
— контрактіні орындау кезеңдерін бақылау
— кеден рәсімдерін және логистика процесстерді сүйемелдеу
— валюталық және салықтық қадағалау органдарымен өзара әрекеттесу
— ҚҚС-ның орынын толтыру рәсімдерін сүйемелдеу
— шетелдік контрагентпен келісімді жабу
— салықтық және валюталық қадағалау органдарының әрекеттеріне байланысты әкімшілік даулар
— шетелдік контрагентпен сот даулары.

«Паритет Консалт» компаниясымен серіктестік үлгілері:

Сенім білдіруші Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда. Қытайдан тасымалданатын тауар импортының ерекшеліктерін ескере отырып, Қытайдан тауар импорттау мақсатымен агент ретінде ресейлік ұйымды тарту туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде Қазақстандағы сенім білдірушінің Ресейдегі контрагентпен келісім-шарт жасасуын сүйемелдеу қажет. Ондай сүйемелдеу ұйымның Ресейдегі қызметін, ықтимал кредиторлар тарапынан банкроттық процедураларының енгізілу қауіпін талдау, байланысқан және үлестес тұлғаларға қатысты талдау жұмыстарын болжайды. Сонымен қатар, жасалатын агенттік келісім-шарттың мазмұнына ерекше назар аударылады: ондай келісім-шарт ресейлік те, қазақстандық та құқықтардың негізгі принциптеріне қарама-қайшы келмейтін мазмұнда болуы тиіс.

Ресейде контрагентті таңдау факті бойынша, Қытайдан тауар жеткізушіге қатысты да осындай процедуралар жүзеге асырылады. Дәл солай контракті мазмұнына, халықаралық контрактіні аудару қиындықтарына байланысты мәтіннің әр түрлі оқылмауын, қайшылық нормаларын қолданудың алдын алу үшін контракті ережелерін нақтылауға, соттылықты дұрыс анықтауға ерекше назар аударылады.

Паритет Консалт» сүйемелдейтін келесі процедуралар жеткізу процессіне қатысты барлық мәмілелер жабылған сәтке дейін, есептесулердің жүргізілуін, кедендік процедураларды, логистикалық процедураларды бақылаумен тікелей байланысты.

и